KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебіне Германиядан қонақтар келді

26.09.2018, 10:36 207

Германияның Риза қаласындағы Вернер Гейзенберг атындағы гимназия делегациясы Назарбаев зияткерлік мектебіне қонаққа келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Гимназия директоры, профессор Сильвия Мебустің сөзіне қарағанда, Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілдерімен хат алмасу биыл қаңтар айында басталыпты. Мектеп ұжымы қызығушылық танытқаннан кейін, Қазақстанға келген.


Делегация құрамында гимназияның директоры, халықаралық ынтымақтастық үйлестіруші, химия мұғалімі және екі оқушы бар. Сапар «Серіктес мектептер» жобасы аясында өтуде.


Әкімшілікпен кездесу барысында білім беру туралысөз қозғалды. В.Гейзенберг атындағы гимназияда неміс тілімен қатар ағылшын,француз және латын тілдерін оқытады екен. Арнайы сыныптарда математикадан тереңдетілген білім береді. Гимназиялықтардың Австралиядағы халықаралық және Германиядағы олимпиадаларда жеңістері бар.


12-сыныпта оқитын шетелдік оқушылар Антон Вайнхолд пен Пол Бьюрич зияткерлік мектептің заманауи ғимаратын жоғары бағалады. Олардың мектебі 1908 жылы салынған. Тарихи бай гимназияда 467 оқушы дәріс алады.


Екі үлкен үзіліс кезінде қонақтар оқушылармен танысты. Шетелдік әріптестерге сабақтар мен үйірмелер жұмысына қатысып, жатақхана өмірімен танысуға мүмкіндік берілді.


-Алғашқы күні қонақтар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болды. Әсіресе киіз үй мен Шілікті қорғанынан табылған жәдігерлер қонақтардың қызығушылығын туғызды. Осы сапардың қорытындысы бойынша екі жақ STEM бірлескен жобалары мен одан әрі ынтымақтастық мәселелерін анықтайды, - деді мектептің баспасөз хатшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив