KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
492.22 529.38 5.03

ШҚО-да ызғарға байланысты ескерту жарияланады

26.09.2018, 03:19 118

Қазгидромет 26 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын ұсынды. Қызылорда облысында дауылға, Атырау облысында жел мен жауын-шашынға, ал Шығыс Қазақстан облысында ызғарға байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Синоптиктердің айтуынша, атмосфералық фронттар республиканың батысы мен шығысына әлі де әсер ете бермек, соған байланысты бұл өңірлерде найзағайлы жауын-шашын болады.


Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі.


– Шығыс Қазақстан, Карағанды облыстарында 1-3 градус ызғар болады, – деп жазылған Қазгидромет хабарламасында

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив