KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Семейде ШҚО-ның ең сұлу қызы анықталды

25.09.2018, 10:48 184

Семейлік бойжеткен Fashion House International компаниясы ұйымдастырған «Шығыс Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазы атанды.



Байқауға 16 бикеш қатысқан болатын. Қазылар 18 жасар Надежда Недосекованы жеңіске лайық санады. Ол Семейдегі медициналық колледждің мейірбике мамандығында оқиды.



Жарыс ұйымдастырушысы, Fashion House International компаниясының аймақтағы директоры Айна Төгісованың сөзінше, бұл нағыз финал алдындағы іріктеу екен. Негізгі финал халықаралық «Номад» кинофестивалінің аясында көктемде Өскеменде болатын көрінеді.



– Бұл – сұлулық бәйгесі. Модельдердікі емес. Сондықтан қыздардың мүсіні де «90-60-90» болуға міндетті емес. Бастысы бикештер өзін жақсы қырынан көрсете білсе болғаны. Бұл нағыз финал алдындағы іріктеу. Fashion House International компаниясы қыздарға ел ішінде ғана емес, шет елдерде де жарқырап шығуға жол ашады, – дейді ұйымдастырушы.


Қазылар алқасын Голливуд әртісі, продюссер әрі кикбоксшы Дон Дракон Уилсон басқарды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив