KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.16 480.39 4.94

Астаналық ару халықаралық модельдердің Miss Fashion TV конкурсына қатысады

16.05.2013, 18:00 141


Астаналық Анар Теміртасова Канн фестивалінің аясында өтетін халықаралық модельдердің Miss Fashion TV конкурсына қатысады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі OK-Models. модельдік агенттігінің мәліметіне сүйеніп.

Miss Fashion TV байқауының өкілдері Анарды оның бет-әлпетінің азиялық-еуропалық болуына байланысты таңдап алыпты.

"Анардың бойы бар болғаны 170 см, бұл модельдік бизнесте орташадан төмен деп саналады. Соған қарамастан таңдау Анарға түсті, өйткені ол өте сүйкімді. Оларға Анардың түрінде азиялық та, еуропалық та белгі болғаны ұнады", - дейді OK-Models агенттігінің үйлестірушісі Екатерина Крюкова.

Астаналық ару халықаралық модельдердің Miss Fashion TV конкурсына қатысадыMiss Fashion TV байқауы кезіндеАнар Теміртасова белгілі фотосуретшілермен, әлемдік дизайнерлермен жұмыс істейтін болады. Гала –көрсетілімге 500-ден астам әйгілі адамдар жиналады деп күтілуде. Байқаудың қазылар алқасының төрағасы FTV президенті Мишель Адамның өзі.

Астаналық 17 жастағы ару бұған дейін де халықаралық конкурстарға қатысқан болатын. Қазақстандық сұлу Кипрде өткен Miss Globe International конкурсының вице-мисс тәжінің иегері.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив