KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Зырянның ауруханасындағыдай құрал-жабдық үлкен қалаларда жоқ

21.09.2018, 08:04 129

Облыс әкімі Даниал Ахметов Зырян аудандық ауруханасын аралап, денсаулық сақтау мекемесінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сонау 1964 жылы салынған аурухана ғимараты жуықта күрделі жөндеу көріп қана қоймай, 558 миллион теңгенің медициналық жабдықтарына да ие болды. Аудандық аурухананың бас дәрігері Владимир Коробкиннің мәлімдеуінше, мекемедегі инсульттық орталық 15 орынға шақталған. Қазір мұнда тоғыз науқас ем-дом алуда. Бір айта кетерлігі, инсульттік орталыққа зыряндықтармен қатар, көршілес Катонқарағай мен Күршім аудандарының тұрғындары да жіберіледі екен. Сондай-ақ ауруханада қыркүйек айының басында компьютерлік томограф іске қосылыпты. Бүгінге дейін жаңа аппараттың қызметіне 30-ға жуық адам жүгініп үлгерген.

Заманауи аппаратурамен танысып, науқастардың халін сұрап қайтқан аймақ басшысы Даниал Ахметов мұндай құрал-жабдық үлкен қалаларда да жоқ екенін мәлімдеді.


- Енді жерлестеріміз басқа жаққа сандалмайтын болады. Өйткені, мұндағы жағдайды Ресейдің Новосібір, Барнаул, Кемеров сияқты қалаларынан таппайсыз. Енді мамандардың біліктілігін арттыру жағына ден қоямыз. Осы мақсатта дәрігерлерімізді шетелге жіберудеміз. Бұл жұмысты әрі қарай да жалғастыратын боламыз, - деді облыс әкімі ауруханаға қаралуға келген тұрғындармен кездесу кезінде.


Айта кетейік, қазір Зырян ауданының тоғыз дәрігері Лондонда біліктілігін арттыруда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив