Студенттерге Малайзияда тегін білім алуға мүмкіндік бар
Халықаралық Albukhary университеті көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан талапкерлерге тегін білім алу мүмкіндігін ұсынады. Бұл ақпаратты «Болашақ» халықаралық жобалар орталығы таратты.
Малайзия елінде тегін білім алу үшін қыркүйектің 30-ына дейін талапкерлер құжат тапсыра алады. Талапкерлер жасы 18-25 аралығында болуы керек. Сондай-ақ олар «Мен неліктен бұл университетті таңдадым?» тақырыбында эссе де жазуға тиіс.
2010 жылы құрылған бұл университет талапкерлерге тегін оқумен қатар жатар орын мен тамақты да тегін ұсынамыз деп отыр
Оқи отырыңыз