Доллар тәулігіне – 2, аптасына – 20 теңгеге төмендеді
Дәл қазір Қазақстан қор биржасында таңғы сауда сессиясы аяқталды. Оның қортындысы бойынша, бір доллардың құны 359,69 теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Иә, ұлттық валюта ұпайын түгендеп келеді. Аталмыш көрсеткіш кешегі саудамен салыстырғанда, 2,52 теңгеге, ал 12 қыркүйектегі саудаға қарағанда, 20 теңгеге төмен.