KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 4 м/с, С
471.46 504.79 5.53

Көкпектіде «English four you» тіл клубы ашылды

14.09.2018, 05:13 277

Аудан орталығындағы Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектебінде ағылшын тілі клубы ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«English four you» клубының салтанатты ашылу салтанатына аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Мұқашев, «Нұр Отан» партиясы филиалының орынбасары Б.Оразғалиева және білім бөлімінің «Нұр Отан» партиясы бойынша әдіскері Б.Айтқазина қатысты.


Ауданда алғашқылардың бірі болып «Нұр Отан» партиясының екінші жобасы аясында және Ж.Шайжүнісов орта мектебі оқытушыларының бастамасымен ағылшын клубы құрылды. Ағылшын клубының басты мақсаты – тілге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқуға деген құштарлықтарын ояту, терең әрі жан-жақты білімін қалыптастыру. Салтанатты іс-шара барысында бастауыш сынып оқушылары ағылшын тілінде жаттаған өлеңдерін оқып билерін билесе, 9 а –сынып оқушылары ағылшын тілінде жүргізген сауалнамаларын экран арқылы көрерменге ұсынды. Ал шара қонақтары клубтың ашылуына құттықтау сөз сөйлеп, жұмысына сәттілік тіледі.


Аталған клубтың басты міндеті – оқушылар үшін тілдік тәжірибе мен тілдік орта қалыптастыру. Клуб аясында түрлі тақырыптарда дөңгелек үстелдер, ойындар, пікірталастар, презентациялар, дебаттар, қойылымдар, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив