KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3 м/с, З
476.27 515.47 5.41

Өскемен қаласында көлік астына түскен велосипедші қайтыс болды

23.09.2013, 18:00 106


Өскемен қаласында көлік астына түсіп, қайтыс болған велосипедшінің ісі тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жол-көлік апаты ШҚ облысы орталығында тапа-тал түсте орын алды. Согра көшесімен келе жатқан ВАЗ-21074 көлігінің жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырғандықтан басқаруға ие бола алмай 45 жастағы велосипедшіні қағып кеткен. Зардап шегуші алған жарақаттарынан №1 аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Осы күні Крылов көшесінде Тойота Карина көлігі 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бойжеткен дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив