KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік апатында зардап шеккендердің ішінде 6 және 1 жастағы екі бала бар

18.03.2013, 18:00 129


Кеше Шығыс Қазақстан облысында тіркелген 4 жол-көлік апатында 5 адам жарақат алды. Олардың ішінде 6 және 1 жастағы екі бала бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемен-Семей тас жолының 31 шақырымында әйел адамның басқаруындағы Ниссан-Цефиро автокөлігі аударылған. Әйелдің көліктің ішінде отырған 6 және 1 жастағы екі баласы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Екінші бақытсыз оқиға Өскемен қаласындағы Сәтбаев даңғылың бойында орын алды. Тапа-тал түсте даңғыл бойындағы №6 үйдің жанында Мазда-626 және ВАЗ-21114 көліктері қақтығысып қалды. Қатты соққы алған Мазда-626 көлігінің жүргізушісі қабырғалары, жамбасы сынып, жедел жәрдем ауруханасының жан сақтағыш бөліміне түсті.

Жол полицейлері көктем мезгілі адамның ағзасына да қатты әсер ететінін айтады. «Қыстан кейін ағзада дәрумендердің жетіспеушілігінен көп адамдарды ұйқы басып, бастары айналып, делсал жағдайда жүреді. Сол себепті көлік басқаруға отырмас бұрын денсаулыққа зер салу керек» , дейді жол сақшылары.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив