KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
471.83 505.66 5.4

Бір тәулікте орын алған 5 жол-көлік оқиғасынан 6 адам зардап шекті

25.02.2013, 18:00 207


Өткен тәулікте облыста 5 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскемен-Зырян тас жолының 14 шақырымында таңғы алакеуімде бір жас жігіт жолға шығып кетіп, ГАЗ-2705 автокөлігінің доңғалақтарының астына түсіп, жарақат алды. Кейін белгілі болғандай, 25 жастағы жүргінші ішімдік ішіп алған. Басынан жарақат алған зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.

Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесі бойында Тойота Марк-2 көлігінің жүргізушісі үш бірдей көлікпен қақтағысып қалды. Тойота Марк-2 көлігінің басқарушысы Мерседес, Митсубиси Монтеро және Интернационал Ти 98с көліктерімен соғылды. Соның салдарынан Мерседес көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алды.

Ал Семей қаласында Манн көлігінің айдаушысы Өскемен көшесінің бойында 13 жастағы жас өспірімді қағып кетті. Ауруханаға жеткізілген бала дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне босатылды.

Өскемен қаласындағы Байдуков көшесінің бойында ВАЗ-2101 автокөлігі қағып кеткен әйел емханаға өзі барған. Зардап шегушінің айтуынша, қағып кеткен көлік оқиға орнынан кетіп қалған. Қазір осы көлік апатына қатысты әкімшілік іс қозғалды, іс сотқа жіберілетін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив