KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

123 млн. 455 мың теңгенің келісіміне қол қойылды

2.04.2018, 10:43 155

Таяуда Жарма ауданында өткен кәсіпкерлер форумында 123 млн. 455 мың теңгенің ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.


Оның ішінде «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны», «Интер Голд Капитал», «Горняк САі», «Жарма Құрылыс Газ», «Васильевское ТКМК», «ПМС Шар», «Жарма тас жолы», «Сарытас», «Қамқор локомотив», «Жаңғызтөбе мұнай өнімдері», «Казахцемент» секілді іргелі серіктестіктері бар.


Бір ғана «Бақыршық» кен орны меморандум аясында ауданның әлеуметтік саласына 89 миллион теңге қаржы бөлуге дайын екендіктерін жеткізді. Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықовтың айтуынша, өңірдегі кәсіпорындар мен кәсіпкерлер тарапынан бөлінетін қаржы білім және денсаулық сақтау саласына, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалмақ.


– Эко­но­миканың қозғаушы күші – инвестиция. Былтыр ауданымызға 65 миллиард теңге инвестиция құйылды. Бұл – облыс көлемінде Өскемен қаласынан кейінгі көрсеткіш. Инвестиция құюшылардың дені – кен орындары. Қарастырылған шаралардың ішінде Әуезов кентінде саябақ салу, жолдарды қалыпта ұстау және басқа бірқатар әлеуметтік жобалар жоспарланған, - дейді аудан әкімі Нұрлан Сыдықов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив