KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 6 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Аягөз қаласындағы ірі сауда орындарының бірі өртеніп кетті

10.09.2018, 09:02 76

Аягөз қаласындағы ірі сауда орындарының бірі - «Әділет» сауда үйі өртеніп кетті. Оқиға жексенбі күні таңғы  алаукеуімде орын алған. Өр қасақана ұйымдастырылған  деген болжам бар.


Таңғы бес жарымда өрт сөндірушілерге түскен дабылдан кейін, тілсіз жаумен күресуге екі автоцистернамен  құтқарушылар келіп жеткен кезде орталық қала базарында жеке тұрған ғимарат қызыл жалынға ораныпты.  От бір жарым сағаттың ішінде сөндірілді.


Мамандар өрттің шығу себептері ретінде  электр жабдықтарын орнатқан кезде өрт қауіпсіздігін сақтамау, отты абайсыз қолдану немесе қасақана өртеуді қарастыруда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив