KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
441.44 473.09 4.75

Қоғам белсенділері "полиция велосипедпен жүруі керек" деп жатыр

6.09.2018, 05:46 120

Қоғам белсенділері полиция қызметкерлерінің жұмыс тұжырымдамасын дамытуды ойласып жатыр. «Тәртіп сақшылары ісіне жауапты, әдепті, әділ болса», дейді олар. Және де «болашақта сақшылардың велосипедпен де жүргені дұрыс» дейді.


– Полиция қызметкерлеріне шапшаң қимылдау үшін міндетті түрде көлік керек. Жеңіл машина айтпаса да белгілі. Біз оған қоса велосипедпен де жүргені дұрыс болар еді деп ойлаймыз. Олар барлық істі өздері атқаруға тиіс. Қандай жағдай болмаса да, жедел әскери жасақ немесе ұлттық ұлан оқиға орнына келмеуі керек. Яғни сақшылар адамдармен етене байланыста болғаны жөн, – дейді қоғам белсендісі Димаш Әлжанов.


– Полиция қызметкерлерінің жұмыс жүйесі кеңес заманынан бері аз ғана өзгерді. Бізге аз емес, үлкен өзгеріс керек. Көптеген тәжірибе көрсеткендей, ескі жүйе халыққа ұнамсыз. Сол сеңді бұзбайынша, біз оларды еш өзгерте алмаймыз, – дейді қоғам белсендісі Назгүл Ерғалиева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив