KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Қара жерге пышақ қадағаны үшін жазаланды

5.09.2018, 06:24 108

Қарағанды қаласының тұрғыны қара жерге пышақ қадағаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, өткен айда қаладағы гүлзарлардан қара жерге қадалған бірнеше пышақ табылған болатын. Істің мән-жайын анықтау үшін гүлзар қызметкерлері тәртіп сақшыларына жүгінген.

– Бейнетаспаны қарап отырып, қолындағы пакетінен пышақ алып шығып, жерге қадаған егде әйелді байқадық, – дейді Қарағанды облыстық ішкі ісер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Тәртіп сақшылары күдіктіні көп іздемеген. Ол 68 жасар қала тұрғыны екен. Күдікті айыбын бірден мойындаған. Бұл қылығын аяғын емдеу үшін істегендігін айтыпты. Ол бір журналдан «егер жап-жаңа пышақты ашық аспан астында жерге қадап қойсаң, сырқатыңнан сауығасың» дегенді оқыған екен. Осыдан кейін күдікті дүкендерден пышақ сатып алып, жерге пышақ қадап жүріпті.

Тәртіп сақшылары бұл іске қатысты әкімшілік кодекстің «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив