Өскемен көшелерінің бірін су басты
Өскеменде таң атқалы бері сібірлеп жаңбыр жауып тұр. Соның салдарынан Михаэлис көшесін су басты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазір «Ромашка» гастрономының алдындағы тоқтау судан көліктердің өтуі қиындап тұр. Жаяу жүргіншінің жай не болды сонда?! Осы аудандағы тұрғындардың айтуына қарағанда – бұл жағдай бұған дейін де қайталанған. Қалың жаңбырдан соң, үнемі көлшік кешуге мәжбүр көрінеді олар. Барлығының көкейінде бір сауал: қаланың коммуналдық қызметі қайда қарап отыр?
Оқи отырыңыз