KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Енді мұғалімдер оқушыларды жұмыс дәптерін сатып алуға міндеттей алмайды

3.09.2018, 06:31 107

Биылғы оқу жылынан бастап мұғалімдер оқушыларды жұмыс дәптерін сатып алуға міндеттей алмайды. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова мәлім етті.


– Жұмыс дәптері – қосымша материал. Сол себепті мұғалімдер ата-аналарды жұмысдәптерін сатып алуға міндеттейтін болса, тиісті шаралар қолданылады, - деді Сайрангүл Жұмаділова.


Ағымдағы оқу жылынан бастап барлық мектепте үшінші, алтыншы және сегізінші сынып оқушылары жаңартылған мазмұндағы білімге көшеді. Бұл мақсатта жергілікті және облыстық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Басқарма басшысының мәліметінше,биыл «Менің мектебім» акциясы аясында аймақтағы 277 білім ошағы Назарбаев зияткерлік мектебінің стандарты бойынша қайта жабдықталған. Онда оқушылар веб-дизайн, роботтық техника, мехатроника, бағдарламалау негіздері және 3D модельдеу бойынша тереңдетілген білім алмақ.


– Бұл балалардың креативті ойлау қабілетін жетілдіреді. Компьютерлік техниканы меңгерген жастар келешекте үлкен сұранысқа ие болады. Болашақта бүкіл әлем осы салаға бет бұрады. Сол себепі біз де көштен қалмаудың қамына кірістік, - деді басқарма басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив