KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Адам денесінен жаңа орган табылды

27.08.2018, 06:14 79

Сидней қаласындағы Гарван медициналық зерттеулер Институтының ғалымдары адам денесіндегі жаңа микроорганды анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Көлемі жағынан өте кішкене орган инфекцияны қайта жұқтырмауға көмектеседі екен. Бұл жаңалық туралы Science Alert ғылыми порталында жарияланды.


Лимфалық түйіндердің астында орналасқан органды субкапсулярлық пролиферативтік ошақ деп атады. Алғашында ол зертханалық тышқандардан табылған. Австралиялық зерттеушілердің айтуынша, қандай да бір инфекцияға шалдыққан ағза болашақта одан жақсы қорғана алады. Ағзаның бұл қасиеті "иммунитеттің жады" деп аталады және оған жадтың В-жасушаларының жиналуы тән болып келеді.


Ағзаның мұндай жасушалары ғалымдарға бұрыннан белгілі, бірақ  олардың нақты шоғырланған орыны бірінші рет анықталып отыр. Институт қызметкерлері өте маңызды жаңалық ашқандарына сенімді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив