KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
443.16 480.39 4.94

Алакөлдің емдік қасиеті анықталды

21.02.2018, 07:09 187

Шығыс Қазақстан облысының ірі көлдерін зерттеген ғалымдар керемет жаңалық ашып отыр. Алакөл көлінің емдік қасиеттері ғылыми тұрғыдан дәлелденді.


Мұндай бальнеологиялық зерттеулер тәуелсіз Қазақстанда алғаш рет жүргізілген екен. Бұрынырақ хабарлағанымыздай, ғалымдар Шығыс Қазақстанның 8 көлі мен 2 бұлағының физико-химиялық қасиеттерін зерттеген еді. Осы зерттеулердің нәтижесі бойынша Алакөл көлінің суынан емдік радонның жоғары мөлшері анықталып отыр.


Радон ванналары дерматологиялық, гинекологиялық, эндокриндік ауруларды, сондай-ақ, асқазан-ішек жолдарының, тірек-қимыл аппаратының сырқаттарын емдеуде аса пайдалы болып табылады.


-Біз аймақта туризмді дамыту мәселесіне егжей-тегжейлі қараймыз. Барлығына ғылыми дәлел қажет, - деді ШҚО туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев арнайы баспасөз конференциясының барысында. – Алакөлден радонның табылуы үлкен жаңалық болып отыр. Бұған дейін ол бізде тек Рахман Қайнарлары көлінде бар екені белгілі еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив