KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, ОШ
467.29 501.03 5.35

«БОМЖ-дар» балабақшаның іргесінде...

27.08.2018, 04:04 131

– Қаланың іші қоқысқа толды. Мектеп, балабақша, аялдама және өзге де мекемелердің маңы ыбырсып кетті. Қоқыс контейнерлері де кемерінен асып жатыр. Қоқыс болған соң, балабақшалардың іргесінен БОМЖ-дар үйшік «тігіп» алған, – дейді Экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары.


Мұндай олқылықтармен, экологтардың сөзінше, қалада он шақты мекеме айналысатын көрінеді. Меншік пәтер иелер бірлестігі (КСК), аумақтық өзін-өзі басқару комитеті (КМС), тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы (ТҮКШ), табиғат қорғау прокуратурасы, экология департаменеті, аумақтық полиция бөлімдері, қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы...


– Әрқайсысы түрліше сылтау айтады. Бірі құқық бұзғандарды таппай жүр екен. Бірінде құрал-сайман жоқ. Бірінің өкілеттігі жоқ. Бірі тек қана шағым түссе қимылдайды, – деді қала қауіпсіздігі үшін рейдке шыққан орталық қызметкерлері.


– Қыркүйекте аталған ұйымдардың басын қосып, тығырықтан шығар жол ойластырып көрмекпіз. Осыған қатысты атқарылатын шаралады қадағалап отыру үшін қала әкімінің атына және табиғат қорғау прокуратурасына хат жолдадық, – деді рейд жетекшісі Геннадий Корешков.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив