KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, ОШ
467.29 501.03 5.35

Өскемендегі БОМЖ-дардың саны мен оларға қатысты өзге де ақпараттар анықталады

21.05.2019, 06:40 90

Өскемендегі БОМЖ, яғни тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдардың саны қанша және оларға қатысты басқа да ақпараттар бар ма? Жуықта анықталады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осы уақытқа дейін, Полиция басқармасының ақпаратына сенсек, Өскеменде 143 адам бар екені анықталған. Олардың 120-сы тіркеуге тұрған, ал 23-і әлі тіркеусіз жүр.

Тәртіп сақшылары осы айдың 21-23-і күндері тағы бір мәрте рейдке шықпақ.

– Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жылда рейд ұйымдастырылады. Мекенжайы жоқ тұлғалар табылса, қабылдау-тарату бөліміне жеткізіліп, тексеруден өтеді. Ешқандай қылмысқа, құқық бұзушылыққа қатысы жоқтығы белгілі болса, дереу босатылады. Сондай-ақ тіркелмегендері болса, 30 күн ішінде бостандығы шектеліп, жан-жақты тексеруден өтеді, – делінген Полиция басқармасының бізге берген мәліметінде.

Айтпақшы, қабылдау-тарату бөліміне келген тұлғалар өз қалауымен әлеуметтік бейімдеу орталығына жөнелтіледі. Орталық Глубокое ауданы Белоусов кентінде орналасқан. Онда 105 жатын орыны бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив