KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, ОШ
443.03 480.38 4.91

Өскеменде үйілген қоқыс орындарына қатаң шаралар қолданылып жатыр

7.09.2018, 11:35 176

Өскемен қаласында шашылып жатқан кір-қоқыстан арылу жұмыстары шұғыл түрде қолға алынды. Жаппай тазарту жұмыстарынан прокуратура, полиция және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық қызметкерлері де тыс қалған жоқ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қала тұрғындары Экологиялық қауіпсіздік орталығының WhatsApp желісіндегі «экологиялық патруль» нөміріне қараусыз, қоқыс шашылып жатқан жерлердің суреттері мен мекенжайы туралы ақпараттар жіберген болатын. Бұл деректердің барлығы одан кейін табиғат қорғау прокуратурасы мен қалалық әкімдікке түскен-ді. Нәтижесінде прокуратура, полиция және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық қызметкерлері өскемендіктердің рұқсат етілмеген жердегі қоқыс үйінділері туралы хабарламаларына қатысты шұғыл шара қолданып жатыр.


-Прокуратурадан түскен шағымдар бойынша жергілікті полиция қызметі қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі және «Өскемен тәртіп» кәсіпорнының қызметкерлерімен бірлесіп, көрсетілген жерлерге рейд жасады. Қазіргі уақытта қараусыз жатқан қоқыс алаңдары табылса, «Өскемен тәртіп»кәсіпорынының күшімен дереу тазаланып жатыр, - деді Өскемен қаласы ішкі істер басқармасы бастығы Дәуір Ибраев .

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив