KZ
Өскемен
-14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
494.95 525.49 5.05

Семейде үш баланың анасы жоғалып кетті

25.08.2018, 02:34 250

Семейде полицейлер мен еріктілер төртінші тәулік қатарынан үш баланың анасын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Динара Әубәкірова 20 тамыз күні үйінен шығып кетіп, сол беті оралмаған. Еріктілердің айтуынша, 38 жастағы әйел Нахаловка елді мекеніндегі үйінен сағат кешкі бес шамасында шыққан. Өзімен бірге телефонын да, құжаттарын да алмаған көрінеді.


Динара Әубәкірованың бойы 170 сантиметрге жуық,  шашы қара-қоңыр түсті. Оң жақ қабағында тыртығы бар. Жоғалатын күні ақ кофта мен ашық-қоңыр түсті шалбар киіп жүрген екен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу