KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2 м/с, В
443.35 475.54 4.82

Семейде жоғалып кеткен үш баланың анасы өлі күйінде табылды

2.09.2018, 04:23 144


Кеше Семей қаласында 20 тамыздан бері іздеу салынып келе жатқан Динара Әубәкірованың денесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңізге сала кетсек, осыдан он күндей бұрын Семейде үш баланың анасы жоғалып кетті деп жазған едік.


Динара Әубәкірова 20 тамыз күні үйінен шығып кетіп, сол беті оралмаған. Еріктілердің айтуынша, 38 жастағы әйел Нахаловка елді мекеніндегі үйінен сағат кешкі бес шамасында шыққан. Өзімен бірге телефонын да, құжаттарын да алмаған көрінеді.


Он күнге жуық полиция қызметкерлері мен еріктілер тобы Динараға іздеу салған еді. Кеше оның өлі күйінде табылды деген ақпарат таралды. Бұл туралы Rina.kz еріктілер тобының Вконтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланыпты.


Динара Әубәкірованың қайдан табылғаны және қандай жағдайда қаза болғаны әзірше белгісіз. Ресми емес ақпарат бойынша, оның денесі Ертіс өзенінен табылған екен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив