KZ
Өскемен
-14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
494.95 525.49 5.05

Өскемендегі "Ертіс Сити" кешенінде алғашқы пәтерлер сатыла бастады

24.08.2018, 07:09 198

Өскемендегі «Ертіс Сити» тұрғын-үй  кешеніндегі алғашқы пәтерлер сатыла бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында қолға алынған 7-20-25 бағдарламасы Шығыста іске асып жатыр. Өскемендегі «Ертіс Сити» аталатын кешендегі үйлер осы бағдарлама бойынша саудалануда.  Алғашқы пәтерлердің иелері де белгілі болған. Тұрғындар 7 пайызбен ең көбі 25 жылға несие рәсімдеп, баспаналы болуда. 1 бөлмелі пәтердің айлық несие ақысы 50 мың теңге шамасында. Бұл – соншалық ауыр емес дейді банк қызметкелері.



Үйлерді аралап көрген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев атқарылған іске жоғары баға беріп, қоныстанушыларды құттықтады.


Өскемендік геолог Дамир Әбділдинов жары Гүлданамен бірге пәтер алып отыр. Олар осы бірегей бағдарламаның  бастамашысы Елбасымызға және партия басшылығына өз ризалықтарын білдірді.



Пайыз деген соншалық көп те емес. Елдегі инфляцияның мөлшерімен шамалас. Яғни, ауыртпалығы аз. Бұл – жастар үшін өте тиімді бағдарлама. Оның Шығыстағы беталысы көңіл қуантарлық. Жалпы үй құрылысы жағынан Өскемен Алматы мен Астанадан кейін үшінші орын алып отыр. Осы қарқыннан танбау керек. Осы 7-20-25 бағдарлама арқылы әлі талай отандасымыз баспаналы болады келешекте, – деді Мәулен Әшімбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу