"Ақша төлерден бұрын ойланыңыздар" баспана сатып алушыларға ескерту
Әлеуметтік желіде «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жалғастырушы болып, жалған ақпарат таратқан алдамшы құрылыс компаниялары көбейіп кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Нақтырақ айтсақ, олар «0-20-25», «5-19-25», «5-10-25» деп келетін түрлі-түрлі акцияларға қатысуға шақырып жатыр.
«Баспана» ипотекалық компаниясы мұндай жалған ақпараттарға сақтықпен қарауды сұрайды. Шындығында, бұлардың «7-20-25» бағдарламасына ешқандай қатысы жоқ. Бұл бағдарламаға қатысты кредитті тек қана «Баспана» компаниясының серіктестері береді. Олар, яғни қазіргі уақытта өтініштерді қабылдап жатқандар Центркредит, АТФ, Цеснабанк, Bank RBK және Еуразия банктері ғана. Одан өзгесі жалған.
– Қандай жағдай болмасын, ақша төлерден бұрын жақсылап ойланыңыздар, – дейді «Баспана» компаниясының өкілі Қайрат Алтынбеков.