KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Қарауыл төбеде Шәкәрім рухына құран бағышталып, ас берілді

17.08.2018, 09:59 216


Кемеңгер Шәкәрім бабамыздың 160 жылдық тойына орай Қарауыл төбеде ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, қазақ үйлер қалашығында Шәкәрім Құдайбердіұлының рухына бағышталып, Құран-қатым түсірілді. Алыс-жақыннан келген құрметті меймандарға арналып Ас берілді. Құран-қатымды Шәкәрім бабаға арнап арнайы Құран аударған аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің Бас имамы Болат Самырбаев бағыштады.


Бұдан кейін Қарауыл төбедегі мереке ұлттық спорт ойындары түрлерінен жарыстар бастау алды. «Жорға жарыс», «Топ жарыс», «Аламан бәйге» сияқты ат спорты түрлерімен қатар, «Қазақ күресінен» абсолюттік деңгейде «Түйе палуан» анықталып жатыр.Аламан бәйгеге жергілікті демеушілер жеңіл автокөлік, мотокөлік және бірнеше қомақты сыйлықтар бәйгеге тіксе, Түйе палуан бәсекесінің жүлде қоры 1 млн. теңге.Мереке жалғасында аудан жұртышылығына арналып кешкі уақытта орталық стадионда «Қаламқас» халық ән-би ансамблі мүшелерінің қатысуымен мерекелік Гала-концерт ұсынылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив