KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Министр Жаңа жылдан кейін қандай телефондардың бұғатталатынын айтты

11.12.2018, 10:43 260


ҚР ақпарат және байланыс министрі тіркеу төңірегінде кімнің ұялы телефоны бұғатталуы мүмкін екенін айтты. Абаевтың сөзінше, бірдей IMEI-коды бар аппараттарда байланыс үзіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Today.kz сайтына сілтеме жасап.


Министр ел азаматтары үшін телефонды тіркеу қиындық туғызбайтындығын айтты.


- Бірнеше IMEI-код, бір IMEI-коды бар бірнеше телефон ұстап жүргендер... Бұл контрабандноны біреу басқа жақтан әкелетінімен байланысты. Контрабандно 200 телефон әкеліп, бәріне бір IMEI-код қояды. Міне, қиындық соларда тууы мүмкі. Бірақ бәрі Қазақстан азаматтары, көбі дилерлерден, өздері танитын адамдардан телефон сатып алады,-деді Д.Абаев өз сөзінде.


Айтуынша, бұл тұрғыда уайымдаудың қажеті жоқ, өйткені көлеңкелі нарықта ондай телефон көп емес.


Сондай-ақ, министр қазақстандықтар Жаңа жыл түні байланыссыз қалмайтынын айтып уәде берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив