KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Ғалымдар: "Халық латын әліпбиін жылдам игеруі керек"

2.08.2018, 09:43 127

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы қазақ тілінің жаңа латын графикасына негізделген емле ережелерінің алғашқы сынама жұмыстарын Өскеменнен кейін Семей қаласында жалғастырды.


Айта кету керек, Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық және Әдістемелік жұмыс топтары 2018 жылғы 4-10 шілде Қазақ орфографиясы ережелерінің концепциясының негізінде «Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерінің жобасын» сараптап, талқылаудан өткізген болатын.


- Халықтың латын әліпбиін жылдам, ыңғайлы және сауатты игеріп кетуіне мүмкіндік жасауымыз керек. Латын әліпбиін үйретуде қоғамның қабылдау деңгейін, меңгеру деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік тілдің аудиториясын кеңейту біздің басты мақсатымыз,-деді Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымының кандидаты Бақытгүл Искакова.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив