KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 3,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

31 тамызға дейін: «Евровидение-2018» балалар ән байқауына іріктеу басталды

1.08.2018, 08:15 152

«Евровидение-2018» балалар ән байқауына іріктеуге өтініш 31 тамызға дейін «Хабар» арнасының сайтында қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Республикалық түрде жүзеге асырылатын іріктеуге 9-14 жас аралығындағы балалар қатыса алады және өтініш төмендегідей жүзеге асырылады:


-онлайн сауалнама толтыру ;


-орындауындағы әні мен жеке суретін жүктеу;


-туу туралы куәлігінің сканер нұсқасын жүктеу;


- ата-анасының (асырап алушысының) рұқсаты;


- Әннің авторлығы туралы өтініш.


Сонымен қатар іріктеуге құрамы 6 адамнан аспайтын ұжыммен қатысуға да болады және барлық қатысушыларға қойылатын талап бірдей.


7 қыркүйек күні республикалық іріктеудің алғашқы нәтижесі шығып, финалға қатысушылар анықталады. 23 қыркүйек күні финалистер «Хабар» арнасының тікелей эфирінде гала-концерт қояды. Гала-концертте телекөрермендердің дауыс беруі арқылы жеңімпаз анықталады. Анықталған жеңімпаз 25 қарашада Минскіде өтетін «Евровидение- 2018» балалар ән байқауына Қазақстанның атынан жолдама алады.


Айта кетейік, Қазақстан аталған байқауға алғаш қатысқалы отыр және биыл қатысушылар саны жылдағыдан көбейіп, 19 мемлекет ниет білдіруде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив