KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Теледебатта үміткерлерге қандай талап қойылады?

28.05.2019, 06:00 97

29 мамыр күні сағат 18.00-де «Хабар» арнасының тікелей эфирінде Қазақстан Президенттігіне үміткерлердің дебаты өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Теледебаттың ұзақтығы кемінде 80 минутқа дейін созылады. Барлық үміткерлерге тең уақыт беріледі.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: пікірталасты өткізу регламентін сақтау және бір-біріне айыптаулар, басқа қатысушының абыройын қорлайтын жалған сөздер айтпау, дебатты әдеп нормаларына сай өткізу.

Талаптар орындалмаған жағдайда теледебатты тоқтату қарастырылған.

Сондай-ақ, үміткерлердің штабынан пікірталасқа екі адам қатыса алады екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив