KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Семейлік Динара «Балалар Еуровидениесінде» ШҚО-ның намысын қорғайды

12.09.2018, 08:59 122


Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 –ші сынып оқушысы Динара Нәдірбекова «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық байқауы Республикалық іріктеуінің финалына шықты. «Хабар» агенттігі ұйымдастырған іріктеуде ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева жетекшілік еткен әділқазылар алқасы 100-ден астам үміткердің арасынан тек 10 ғана өнерпазды таңдап алған екен.


Финал 22 қыркүйек күні Алматы шаһарында өтеді. Гала-концертті "Хабар" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Талап бойынша финалистерге ешбір жерде орындалмаған жаңа авторлық ән орындау міндеттелген . Ұлттық іріктеудің үздіктері көрермендердің смс хабарламалары мен әділқазылардың ортақ шешімдері арқылы анықталмақ. Ал жеңімпаз 25 қараша күні Минск қаласында өтетін «Балалар Еуровидениесіне» Қазақстан атынан қатысады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив