Өскеменде екі ай бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі табылды
Естеріңізге сала кетсек, қаламызда Раушан Жармұхаметованың із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлаған едік. Ол 19 мамыр күні шамамен сағат 15:00 кезінде үйінен шығып кетіп, қайта оралмады. Сол күні бойжеткен Красин кентінен Өзен вокзалының ауданына қарай бет алған екен.
Полиция қызметкерлері мен еріктілер тобы екі айдан астам уақыт іздеу жұмыстарын жүргізген болатын.
Бүгін Раушан Жармұхаметованың табылғаны туралы ресми емес хабар таралды. Бұл ақпаратты жоғалған қыздың ағасы ағасы Самат Жармұхаметов растап отыр. Ертең туған-туыстары Раушанды жер қойнауына тапсырады.
Әзірше белгілі ақпарат: қыздың денесі 27 шілде күні Ертіс өзенінен табылған екен.
Айта кетсек, Раушан Жармұхаметова - биылғы жылдың мектеп бітірушісі. Ол ҰБТ тапсыруға дайындалып жүрген еді.