KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, В
464.72 496.32 5.4

ШҚО-да жарты ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің өлі денесі табылды

1.02.2019, 11:00 167

Осыдан екі аптадай уақыт бұрын Жарма ауданында із-түссіз жоғалып кеткен 30 жастағы Айнұр Семсенова туралы жазған едік. Жоғалған әйелдің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі,


Айнұр – Қалбатау ауылының тұрғыны болатын. 14 қаңтар күні сағат 15.00 шамасында ол үйінен шығып, жұмысына кеткен. Сол бойы қайта оралмайды.


Екі аптадан астам уақыт еріктілер тобы мен полиция қызметкерлері Айнұрды іздеу жұмыстарын жүргізді. Бүгін оның өлі денесі табылғаны туралы ақпарат түсті.


Сол күні Қалбатауда боран болған. Айнұр Семсенова түтеген боранда адасып, үсіп қалған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив