KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
488.91 532.62 5

Алтыншы күн болды, Өскеменде 18 жастағы қызды іздеп жатыр

24.05.2018, 08:11 239

Раушан Жармұхаметова 19 мамыр күні шамамен сағат  15:00 кезінде үйінен шығып кетіп, қайта оралмады. Сол күні  бойжеткен Красин кентінен Өзен вокзалының ауданында орналасқан «Достық» білім беру орталығына қарай бет алған екен. Мектептің соңғы сыныбында оқып жүрген Раушан ҰБТ-ға дайындық курсына шығыпты.


Бүгін, міне, алтыншы күн ол туралы еш хабар жоқ.


-Күні-түні іздеп жатырмыз, - дейді Раушанның туған ағасы Самат Жармұхаметов. –Әлі ешқандай хабар жоқ. Үйден шыққан күні ол сол қалпы білім орталығына жетпеген. Ал үйден шыққаннан кейін қоғамдық көлікке отырды ма, жоқ па, оны да білмейміз. Барлық құрбы-дос, таныстарынан сұрап шықтық, ешкім сол күні оны көрмепті.


Ағасының  айтуынша, Раушанның мінезі тұйық, салмақты, сабырлы. Мектепте сабағын жақсы оқиды екен. Бұрын-соңды үйден ескертусіз кетіп көрмеген бала.


Раушан Жармұхаметованы көргендер болса немесе ол туралы қандай да ақпараттарыңыз болса, келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (776) 498-88-89, 8 (776) 454- 55-54.


Ерекше белгілері:  бойы 170 см, дене бітімі нәзік, қараторы, шашы иығына дейін, қоңыр түсті. 19 мамыр күні үстінде қара пальто мен сұр түсті тоқылған көйлек болған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив