KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Өскемен тұрғындары 43 күн шаң жұтты

25.07.2018, 06:48 93

Облыс орталығының тұрғындары қолайсыз метеорологиялық жағдайдан көз ашпай келеді деп хабарлайды, Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы экологиялық мәселелер жөнінде өткен ШҚО қоғамдық кеңесінде айтылды. Арнайы зерттеу тобы ауадағы күкірт пен метеорологиялық жағдайдың бір-біріне тәуелділігі турасында сөз қозғай келе, зиянды қалдықтардың желсіз күні тіптен көбейетінін жеткізді.


– Өскемендіктер қолайсыз метеорологиялық жағдайдың тұтқыны болып келеді. Өндірістік зиянды ортаның басты залалы – ауада шаң көбейді, – деді экологиялық қауіпсіздік орталығының директоры Геннадий Корешков.


Қолайсыз метеорологиялық жағдайдың адам ағзасына қаншалықты зиян екені айтпаса да белгілі. Тағы бір зияны Корешков атап өткендей, ауада шаң көбейеді. Қазгидрометтің мәліметіне сүйенсек, Өскемен жыл басынан бері 43 күн қолайсыз метеорологиялық жағдайға душар болған. Яғни қалада айдан астам уақыт шаңды ауа жүрді деген сөз.


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив