KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 9 м/с, ОБ
485.11 523.82 5.02

Өскеменде арнайы экоконтейнерлер орнатылуда

23.07.2018, 05:54 88

«Эковосток-лидер» компаниясы Өскемендегі тұрғын үйлердің аулаларына арнайы контейнерлер орнатып жатыр. Аталмыш контейнерлер пластик пен қаңылтыр құтыларды жинауға арналған.


Жинақталған пластик пен қаңылтыр құтылар Алматы, Шымкент, Павлодар қалаларындағы зауыттарға қайта өңдеуге жіберіледі екен.


Мұндай контейнерлерді орнату жұмыстары өткен жылы бастау алған еді. Алдағы уақытта компания  тұрғын үйлердің аулаларына макулатурамен әйнекке арналған арнайы контейнерлерді орнатуды да жоспарлап отыр.


Экоконтейнерлер Өскеменнің барлық аулаларында осы жылдың соңына дейін толық орнатылып қоймақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив