KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
485.11 523.82 5.02

Өскеменде макулатураның келісі 20 теңгеден қабылданып жатыр

6.11.2017, 03:22 124

Өскеменде «Макулатураны –контейнерге» атты акция аяқталды. Бір ай бойы өткен акция нәтижесінде облыс орталығының ықшам аудандарында тағы бірнеше эко-контейнерлер пайда болды. Шара аяқталғанымен, шаһарда қағаз қалдықтарын жинау одан әрі жалғасып жатыр.


Қазан айының басында қалада кәсіпорындар мен мекемелер үшін тегін қағаз өткізу акциясы басталған болатын. Қала мекемелері бір айда 3 938 келі макулатура жинап, қағаз тапсырудан түскен қаржыға пластик құтыларды жинайтын эко-контейнерлер жасалды.


- Макулатура өткізуден түскен қаржыға пластик құтыларды жинайтын үш эко-контейнер жасалып, аулаларға қойылды, бұдан басқа тағы екі контейнер жасалып жатыр. Дайын контейнерлер Потанина,27/2, Тәуелсіздік,14, Виноградов,21көшелерінің аулаларына қойылды. 927 келі макулатура жинап, тапсырған №18 орта мектепке екінші орын алғаны үшін сыйлыққа-эко-контейнер қойылады,-дейді «Эко-Восток-Лидер» компаниясының директоры Динара Әкімжанова.


Ең көп қағаз өткізген Өскемендегі Вeeline сауда маркілі Кар-Тел ЖШС филиалы. Филиал әкімшісі Анатолий Сопроненко бастаған байланысшылар 1030 келі қағаз қалдықтарын тапсырған.

Макулатура жинауға Өскемен ЖЭО, Согар ЖЭО, Қазақ-Түрік лицейі, «Сол жағалау элеваторы», Өскемен арматура зауыты ұжымдары да белсене атсалысқан. Қала тұрғындары да акцияға қатысып, 240 келі макулатура өткізіп отыр.


Акция аяқталып қойғанымен, қағаз тапсырсақ деп қоңырау шалып, хабарласып жатқан тұрғындар көп. «ЭкоВостокЛидер» компаниясының басшысы айтқандай қағазды тегін немесе ақысына өткізуге де болады. 1 келі қағаз бағасы -20 теңге. Егер 100 келіден артық қағаз жиналса кәсіпорын қағазды өздері алып кетеді. Аз көлемдегі қағазды Потанина,27 мекенжайындағы «Жастар» дүкенінің «Ксерокөшірме» бөліміне тапсыруға болады. Макулатура өткізуге тапсырысты 8-777-345-30-62 ( «ЭкоВостокЛидер») телефоны арқылы беруге болады


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив