KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
492.65 525.71 5.03

Өскемен тұрғынын тоңазытқыштан шыққан улы жәндік шағып алды

19.07.2018, 09:37 214

Өскемен тұрғыны тоңазытқыштан шықққан улы жәндіктен зардап шекті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ол тоңазытқышта жеміс-жидектердің арасында жатқан  сары түсті жәндікті лақтырып жібермек болып, саусақпен іліп алады. Сол мезетте жәндік шағып үлгереді. Оқиғаның ұзын ырғасы осы. Зардап тартқан әйелдің айтуынша, жеміс-жидектің кейбірі – саяжайдан, ал кейбірі базардан сатып алынған.


– Бұл бүйі тоңазытқышқа жеміс-жидекпен жылы жақтардан жеткен тәрізді. Адамға аса қауіп туғызбайды. Мұндай сәтте аса қобалжымау керек. Бар болғаны антигистаминді (қызба мен қышымаға қарсы аллергиялық дәрі) қолдансаңыз жеткілікті, – дейді №1 қалалық аурухана токсикологиялық бөлімінің меңгерушісі Александр Мейстер.


Дәрігер сөзінше, мұндай оқиғалар өте сирек. Былтыр, мәселен, бір-ақ рет тіркелген екен. Аталған өрмекші типтес жәндік жеміс-жидек жәшіктерінің ішінде оңтүстік жақтардан келетін көрінеді.


Науқас қазіргі уақытта өзінің жағдайы жақсарғандығын айтып отыр. Тек жәндік шаққан жер аздап ауырсынады екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу