KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями Штиль
485.11 523.82 5.02

Жармалық жасөспірім спортшы Иранда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды

18.07.2018, 08:43 125

Жармалық балуан Әділ Жақсыбаев тамыз айының 2-3 күндері Иран мемлекетінің астанасы Тегеран қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ағымдағы жылдың 10-12 шілде күндері Екібастұз қаласында  еркін күрестен 2003-2004 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында ҚР Чемпионаты өткен болатын. Жарыс қорытындысы бойынша Жармалық балуандар  Әділ Жақсыбаев 68 кг салмақ дәрежесі бойынша 1-орын, Тоқташ Байжан 52 келі салмақ дәрежесі бойынша 2-орынды иеленді.


Байжан мен Әділ балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Суықбұлақ ауылындағы бөлімшесінің жаттығушылары, бапкерлері Бекенов Ерлан Айдаргалиұлы.


Бапкердің айтуынша, Әділ спортқа бейім, алғаш келген өзінде жаттығуда көзге түскен, еңбеккор, әр нәрсеге жауапкершілікпен қарайтын бала.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив