KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
481.19 538.45 5.18

Курчатовта техно-туризм жобасы іске асырылып жатыр

4.06.2017, 18:00 290


– Жалпы, Курчатов туристік әлеуеті жоғары қала болып табылады. Бүгінде Ұлттық ядролық орталықпен бірлесіп туризмнің жаңа бір түрін – техно-туризмді қолға алдық, -дейді қала әкімі Алмас Оңдақанов.

- Қазір ЕХРО – 2017 көрмесіне келген қазақстандық және шетелдік туристерге арналған Курчатов қаласына сапарлар ұйымдастырудамыз. Мәселен, аталмыш жоба аясында былтыр қаламызға мың жарымға жуық турист келіп қайтқан. Қонақтар бұрынғы Семей полигонының ядролық сынақ алаңдарына сапарлап, жарылыстан кейін пайда болған көлді өз көздерімен көруге мүмкіндік алады, – деген Алмас Оңдақанов техно-туризм жобасы сәтті жүзеге асқан жағдайда бюджетке жылына 12 миллион теңге мөлшерінде қаражат түсуі мүмкін екенін айтты.

Нұржан Кенжеұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив