KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Ұлан ауданында туризмді дамыту қажет - Парламент депутаты Сауытбек Абдрахманов

15.07.2018, 10:52 310

Парламент депутаты ауданның ақсақалдарымен, аудан әкімімен кездесіп, OstFish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.


Ауданға келген жұмыс сапары барысында депутат Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


-Бүкіл әлемде туризм экономиканың үлкен драйвері. Соңғы жылдарда өзімізбен шамалас елдердің өзінде үлкен серпіліс бар. Нақты айтқанда, соңғы жылдың ішінде Әзірбайжан елі туризмнен түсетін пайданы 17%-ға, Грузия елі, 25% пайыздың шамасына жеткізді, - деп атап өтті Сауытбек Абдрахманов.


Ұлан ауданы туризмді дамытуға қолайлы аймақ екенін атап өткен депутат, Қазақстанның туризмнен көретін пайдасы 1%-ға да жетпейтініне өкініш білдірді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив