KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
441.58 480 4.86

Cенатор кітапханаға келді

28.08.2017, 03:18 82

Облыстық А. Пушкин атындағы кітапханаға Парламент Сенатының депутаты Сергей Викторович Плотников келіп, оқырмандарға өзінің «Закон сохранения доверия» кітабын таныстырды.


Кездесу барысында мәртебелі мейман кітапхананы аралап, бөлімдердің жұмысымен, сондай-ақ кітапханадағы интеллектуалды демалысты ұйымдастыруға, әлеуметтік, білім беру мәселелерін шешуге, жаңа пікірлестер мен серіктестерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жобалардың мән жайымен танысты. Сергей Викторович Плотников Шығыстың тумасы. Ол Үлкен Нарын ауылында дүниеге келген. Саратов политехникалық институтының түлегі. Техника ғылымдарының докторы. Әскери атағы – подполковник. Ол 2008 жылдан бері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. «Құрмет» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Катон-Қарағай және Глубокое аудандарының құрметті азаматы. ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы облыстық филиалының оқу залында өткен кездесу барысында депутат-жазушы кітапхана ұжымы ммен оқырмандарына «Закон сохранения доверия» кітабын таныстырды. Тұсаукесерден кейін Сергей Викторович өзінің кітабын қолтаңбасымен кітапханаға сыйға тартты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив