KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Өскемен маңындағы күре жолда картон көлік неге тұр?

11.07.2018, 12:25 211

ШҚО-дағы Қасым Қайсенов кентінің трассасында жол-патрульдік полициясының көлігі тұр.


– Полиция болған соң, жол бойында тұрады ғой.


– Иә, оның үстінде бұл жерде полицияның стационарлық бақылау бекеті де бар.


– Жоо, ж-о-оқ! Ол бекетті өткенде ғана алып тастады емес пе?! Енді қараңыз, көлік те жалған екен.


Иә, бір қарағанда кәдімгі мәшине. Жақын келсеңіз, кортаннан жасалған көлік екеніне көзіңіз жетеді. Бұны кімнің, не мақсатпен істегені беймәлім. Әйткенмен, қоғамда лезде қызу пікір талас тудырды.


– Білесіз бе, бұрын қазақ көшкенде, қыстауға төбетін тастап кетуші еді ғой. Менің есіме бірден сол түсті, – деп емен-жарқын, күле сөйледі Қасым Қайсенов кентінің тұрғыны Азамат Алданбаев. – Бұны кім істесе де, көңілді жігіт екен. Немесе жол сақшылары жүргізушілер еркінсіп кетпесін деп әдейі істеген шығар. Бұрын, бақылау бекеті болған кезде, бұл жерден аяғымыздың ұшымен өтуші едік қой.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив