KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, Ю
492.14 528.85 5.01

Қытай мен Тайланд қыздары күш сынасып жатыр

11.07.2018, 09:00 103

Волейболдан клубтық Азия чемпионатының екінші ойыны әне-міне басталуға жақын. Jlangsu Zhongtian steel (Қытай) және Supreme (Таиланд) клубының спортшылары дене қыздыруда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


- Қызу доданың лебін әлден сезіп тұрмын. Былтырғы чемпиондар, таиландтықтарды айтам, осы жолы шү дегеннен азулы қарсыласқа тап болды ғой. Кімнің жеңіп, кімнің салы суға кетерін болжап білу мүмкін емес, - дейді көрермен Азамат Нұрмұхамбетов.


Шынымен, күні кеше өткен баспасөз жиынында да екі ұжымның топтық кезеңде кездесуі қызу талқыға түскен болатын. Кем дегенде жартылай финалда кезігетін командалар екендігі айтылған сол жерде.

Жә, басталды... Есеп - 0:0.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив