Шри Ланка командасы вьетнамдық волейболшыларға жол берді
Азия чемпионатының алғашқы ойыны мәреге жетті. Вьетнам волейболшылары аядай ғана аралдан келген аруларды аямады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ойынның тағдыры бастапқы үш кезеңде-ақ шешілді. Шри-Ланканың командасы сайыстың соңғы бөлімінде ғана 10-нан жоғары ұпай жинай алды.
Иә, чемпионаттың шымылдықашар бәсекесінде Спорт сарайына көрермен тола қоймады. Әр-әр жерде шанжау-шанжау үркердей топ қана қарауытты. Өскемен жұрты сағат 15:00-дегі сайыс фавориттері саналатын Тайланд пен Қытай қыздарының ойынын тосып жатыр ма екен, әлде 18:30-да Paykan клубымен (Иран) бақ сынасатын жерлестерінің бәсекесін бе? Әйтеуір дауыл алдындағы тыныштық сезіледі.