KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 1 м/с, С
474.71 511.74 5.54

Ертең ШҚО-ның ең үздік тауары анықталады

4.07.2018, 10:17 208

Жыл сайынғы дәстүр бойынша ертең Өскеменде «Қазақстанның үздік тауарлары-2018» республикалық көрме-конкурсының облыстық кезеңі өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сакен Абдуллин, ШҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:


-Биыл көрме-конкурсқа жылдағыдан екі есе көп шағын және орта бизнес субьектілері қатыспақ. Көпшілігі «Халыққа арналған үздіктауарлар» аталымы бойынша бақ сынамақ. Облыс бизнесмендері, кәсіпорындары шығарып жатқан өнімдер алуан түрлі. 80 нен астам кәсіпорындар ұсынған өнімдер арасында бұрын-соңды аймағымызда өндірілмеген, енді ғана шығарылып отырған жаңа өнімдер де бар.


Көрме-конкурста қалалықтар мен қала қонақтары көрмеге қойылған өнімдерді сатып алуларына да болады. Шара Спорт сарайында таңертеңгі 9.30 дан бастап өтпек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив