KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Абай облысында орман өрті сөндірілді

Фото: minber.kz

2.08.2024, 11:39 105 Айжанат Бақытқызы

Өрт «Семей орманы» мемлекеттік орман резерватында болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Семей Орманы» операторынан Бесқарағай ауданындағы Дөңгелек орман шаруашылығы аумағындағы алқапта егін өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Жаңа алгоритмді енгізу және күштер мен құралдарды жедел жөнелтіп, әуеден патрульдеу арқасында 7 гектар аумақтағы өрт дер кезінде ауыздықталды», - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖМ ақпараты бойынша, шұғыл әрекет ету үшін оқиға орнына жеке құрамның 60 адамы мен 15 техникасы, екі ұшқышсыз ұшатын аппараты және «Қазәуеорманқорғау» МИ-2 тікұшағы жіберілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив