KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Ерсұлтанға тамызда ота жасалады, ата-анасы енді 22 мың доллар жинап үлгеруі керек

4.07.2018, 04:49 134

Семейлік 7 жасар Ерсұлтан Әскербеков жұлын мен омыртқа дамуының туа біткен кемістігі бар дертке шалдыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат


Ерсұлтанның денсаулығындағы ақаулық 5 жасында басталған. Алайда ата-анасы баланың жағдайына аса назар аудармаған. Себебі оның дамуында еш кедергі болмаған. Ал қазір Ерсұлтанның жағдайы мүлде бөлек. Бұрынғыдай жүгіріп ойнай  алмайды. Төсек тартып жатыр. Себебі, жұлын мен омыртқа дамуының туа біткен кемістігі оның жүруіне, отыруына мүмкіндік бермейді. Және туғаннан оң жақ бүйрегі мен құймышақ сүйегінің жартысы  жоқ. Салдарынан оның оң жақ аяғы сол аяғынан 2 сантиметрге қысқа.


2016 жылы баланың жағдайы өзгере бастағаннан кейін ата-анасы дәрігерлерге апарады. Алайда семейлік дәрігерлер нақты диагнозды қоя алмаған. Сол кезде оның диагнозын нақтылау үшін жұлыннан сұйықтық алып сараптама жасайды. Осы медициналық тексеруден кейін баланың беломыртқасында ауырсыну пайда болған.



«2017 жылы біз астаналық дәрігерлерге бардық. Ондағы нейрохирургтер  бізге баланың арқасында ісік бар екенін айтты. Сондықтан ота жасау керек деді. Оны тек квота арқылы жасайды екен. Бірақ отадан кейін оның жағдайына кепілдік бермеді. Сондықтан шетелдік дәрігерлердің көмегіне жүгініп отырмыз»,- дейді анасы  Гүлнұр Букатова.


Ал ұлының бір жақ бүйрегі жоқ екенін дәрігерлер емес, медицинаға еш қатысы жоқ  әкесі рентген кескіндемесінен көрген.


«Жолдасым дәрігерлердің рентгенін, анализ нәтижелерін қарап отырған. Сол уақытта бір жақ бүйрегінің  жоқ екенін байқады. Сенбедім, өйткені біз қанша дәрігер, профессорларға бардық. Ешқайсысы мұны айтпады. Яғни, бір бүйрегі туғаннан жоқ болған», - дейді Гүлнұр.



 


Қазір Ерсұлтанға тез арада ота жасау керек. Алайда Қазақстандық емес, Израильдегі  «Ассута» клиникасының дәрігерлері жасайды. Себебі, отандық дәрігерлер отадан кейінгі баланың өміріне кепілдік бермеген. Ал израильдік дәрігерлер нақты диагноз қойған.  Яғни, Spina bifida липоменингоцеле деген. Егер ауруды емдемесе мүгедектікке тіпті өлімге әкеледі.



Оның үстіне шетелдік дәрігерлер отаның  сәтті аяқталып, Ерсұлтанның толыққанды өмір сүретініне кепілдік берген. Себебі, олар бұған дейін қазақстандық 3 балаға осы тәрізді ота жасаған. Елге оралғаннан кейін Ерсұлтанның жамбас сүйегіне де ота жасалады. Бірақ алдымен жұлындағы ісікті алып тастау қажет.


Ал ота осы жылдың тамыз айына жоспарланған. Осы уақытқа дейін ата-анасы 22 мың доллар жинап үлгеруі керек. Негізгі ота құны 54 мың доллар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив