KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 2,4 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да елік атқан браконьерге ірі көлемде айыппұл салынды

3.07.2018, 03:58 112

ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының арнайы мамандары рейд кезінде елік  атқан аңшыны ұстады, деп хабарлайды Алтайнюс тілшісі.


– Риддер аумағындағы әкімшілік аумақта, Қара Уба өзенінің жағасында жергілікті тұрғын ұсталды. Ер адам тіркелмеген қарумен сібір елігіне оқ атқан. Браконьер мемлекетке 900 мың теңге көлемінде айып пұл төлейтін болады.


Айта кетейік, әлемде еліктің 3 түрі (Еуропа, Сібір, Маньчжур) таралған.


Қазақстанда Сібір түр тармағы кездеседі. Дене тұрқы 120-160 см, шоқтығына дейінгі биіктігі 75 -100 см, салмағы 30-55 кг. Құйрығы өте қысқа. Ұрғашысы мүйізсіз, текесінің наурыз-мамырда толық жетіліп, қараша-желтоқсанда түсетін 3-5 ашалы мүйізі (25-40 см) болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Қыста түгінің түсі қоңырқай сұр, жазда жирен, жас лақтарының түгінде ашық түсті теңбіл дақтары болады.


Елік Талас, Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Батыс және Орталық Тянь-Шаньда, Қаратауда, Тарбағатайда, Сауырда және Алтайда кездеседі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив